Мектеп медиациясының психологиялық негіздері
- Подробности
- Опубликовано: 02 марта 2017
2 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында мектеп медиациясының психологиялық негіздеріне арналған медиация Мектебінің үшінші сабағы өтті. Модераторы болып психология кафедрасының аға оқытушысы Бисембаева Асем Кумаровна сөз сөйледі. Сабақ тренинг түрінде өтті, пікірталас әдістері, психологиялық тапсырмалар, мини-дәрістер, рефлексия және жеке тапсырмалар қолданылда. Тренинг барысында қатысушылар келіссөздер жүргізгенде қолданылатын, негізгі психологиялық тәжірибелік әдістермен танысты, тез қарым-қатынас орнату тәсілдерін зерттеді.
Заманауи мектеп медиаторына оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін әсіресе ескеру маңызды. Сабақ нәтижесінде медиация Мектебінің тындаушылары аз уақыт ішінде жанжалдасып жаткан тараптармен келісімге келу техникалық тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алды, тиімді коммуникация дағдыларын дамыту, өз кәсіби қызметтерінде одан әрі іске асыру үшін тәжірибелік материалдар алды.
Мектеп медиациясы тақырыбы біздің педагогикалық ЖОО үшін өзекті болып келеді және медиация және халық дипломатиясы Мектебінің басқа сабақтарында өз жалғасын алады.