Медиация Мектебінің отырысы

2017 жылдың 16 наурызында Л.Н.Толстойдың «Анна Каренина» шығармасынан «Барлық бақытты отбасылар бір-біріне ұқсайды, әр бақытсыз отбасы өзінше бақытсыз» эпиграфын медиация және халық дипломатиясы Мектебінің «Отбасылық қарым-қатынастағы медиация» тақырыбы бойынша кезекті сабағында студенттер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары бүгін еске түсірді.

Отырыста студенттер отбасы мен неке ұғымдарын, отбасының негізгі функцияларын, отбасылық келіспеушіліктердегі тараптарды, ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктердің себептерін және болашақ ерлі-зайыптылардың отбасылық қарым-қатынастарындағы сындарлы өзара іс-қимылдарға дайындығын қарастырды.

«АХАТ қатынастарынды тіркеген кезде, біз отбасылық өміріміз табысты, шынымен ұзақ және бақытты болғанын армандаймыз. Өкінішке орай, күткеніміз шынайы қарым-қатынастын дамуымен сәйкес келмейді. Отбасылық бақыт неге байланысты және отбасылық бақыттың құпиясы бар ма?» - осы сөздермен өз сабағын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазахстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, курс модераторы Евдокимова О.Н. бастады.

«Ерлі-зайыптылардын арасындағы рөлдерді бөлу» тапсырмасының қорытындасы бойынша студенттер, отбасылық келіспеушіліктердің себептері бір-біріне бағынбауында, ерлі-зайыптылардын біреуінің өзімшілдігінде, қаржылық қиындықтарды еңсере алмауында, балаларды тәрбиелеудегі көзқарастардың айырмашылықтарында, ең бастысы, болашақ ерлі-зайыптылардың болашақ отбасылық өмір туралы көрістерінің бұлыңғырлығында деп қорытынды жасады.

«Әрине, отбасылық келіспеушіліктер барлық отбасыларда болады. Бірақ өздерін шынайы отбасы деп, бірге шешім қабылдауды және жұбайынның ойын есепке алуды үйрегендерді айтуға болады!» - деп, курстын тұрақты тындаушысы, 3 курс студенті Мурзагалиев Руслан сабақты қорытындылады.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз