Облыстық тарихи- өлкетану мұражайында Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтілуі
- Подробности
- Опубликовано: 26 апреля 2017
2017 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, PhD докторы Козыбаева Махаббат Маликовна облыстық тарихи- өлкетану мұражайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараға қатысты. Козыбаева М.М. баяндамасы қоғамдық сананы жаңғыртудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне арналған. Ол дәл осы уақытта Астана қаласының бейбітшілік және келісім сарайында «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғыртудың негізі» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтіп жатқанын айтып өтті. Дәл бүгін экономикалық жаңғыртудың бірнеше кезеңдерінен кейін бірінші орынға XXІ ғ. қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі шықты. Осы тақырыпқа Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласы арналған. Жаңа үлгідегі жаңғыртудың ең басты шарты – өз мәдениетінің, ұлттық кодының сақталуы, сонымен қатар сананың ашықтығы, яғни өзгерістерге дайын екендігі, жаңа технологиялық жөн-жосық әкеледі.
Бәсекеге қабілетті ұлттың басты белгілері - мәдени ашықтық пен конфессияаралық келісімі. Өз кезегінде, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді сақтау этникалық қақтығыстар түрінде, діни сұрақтар бойынша қақтығыстар, аумақтық даулар жаһандану жағдайында әсіресе маңызды. Бұның бәрі Қазақстан Республикасы Президентінің қарауында болған, кеңесші органынан бастап қоғамдық-саясат институтына дейін жол жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясы - бірегей институтының зор еңбегі.
Бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесіндегі ҚХА маңызды міндеті патриотизм, ұлттық болмыс қалыптастыру болып келеді. ҚХА кафедраларының қызметі осыған бағытталған. Козыбаева М.М. 2016 жылдың 1 қыркүйегінде институтта құралған ҚХА кафедрасы жұмысының негізгі бағыттары жайлы айтып берді. Кафедрада бейбітшілік пен ұлтаралық келісім мәдениетін тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді, медиация және халық дипломатиясы Мектебі жұмыс жасайды, «Мәңгілік Ел құндылықтары» оқу бағдарламасы жасалуда.
Іс-шара құтықтау сөздері және шығармашылық нөмірлерімен сүйемелденді. Салтанатты іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ҰҚК аймақтық шекара қызметінің қызметкерлері, қаланың ЖОО студенттері мен оқытушыларының шығармашылық ұжымдары мұражай келушілері қатысты.