Медиация мектебі сіздерді шақырады
- Подробности
- Опубликовано: 12 октября 2017
Екінші рет ашылып отырған Медиация мектебі және халықтық дипломатияға қызуғышылық танытып отырғандарды шақырамыз. Бұл жолы біз ЖОО студенттерімен қоса бірінші рет Қостанай қаласының мектеп оқушыларын шақырамыз. Дөңгелек үстел форматындағы 2017 жылдың 12 қазан аралығында Қазақстан Халық Ассамблеясы кафедрасында екінші жылдың ашылу салтанаты өтті.
Кафедра меңгерушісі ҚХА болған Евдокимова О.Н отырыста мектеп түлектері мен ұстаздар сөз сөйледі. Құттықтау сөзбен қонақтарға Әлеуметтік-Гуманитарлық факультетінің деканы Шахаман Зәмзәгүл Бәйекеқызы қазіргі заманның жастары мен мамандарына медиацияның қажеттілігін айтып түсіндірді.
Құрметті қонақ, Медиация мектебінің оқытушысы, медиатор “Қоғамдық келісім” ҚМУ Қостанай облысы әкімдігінің Навоева Марина Владимировна медиацияның жұмысы мен ҚХА-ның рөлі туралы әңгімеледі. Кафедра профессоры, ҚХА және Медиация мектебінің оқытушысы Карбенова Зәуре Оразбековна Медиация мектебінің мақсаты мен міндеті туралы баяндап берді.
Өз баяндамасын Евдокимова О.Н балалар сан ойыны “Біз бөліскен апельсин” деп бастады. Ол өз сөзінде баламалы дауларды шешу, “жанжал”, “дау”, “медиация” және функциялары мен міндеттері туралы айтып берді. Біздің түлектер, Мырзағалиев Руслан және Убей-Волк Павел өз сөздерінде Медиация мектебінен алған білімдері мен практикалық қызметте сәтті қолданатындарын айтып берді.
“Психология” мамандығының 4 курс студенті Убей-Волк Павел “Медиация мектебінің тыңдаушылары және халықтық дипломатия” туралы, ерекше және көңілді тренинг өткізді. Медиация метебінде сабақ 5 ай тегін өткізіледі. Біз барлық қызуғышылық танытып отырған жастарды мектебімізге шақырамыз. Оқуды аяқтаган соң сертификат беріліді.