«Қазақстан - менің Отаным» атты III Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция
- Подробности
- Опубликовано: 09 декабря 2017
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 2017 жылдың 8-9 желтоқсанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақстан - менің Отаным» атты III Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Бұл конференцияға Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық және әлем тілдері университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық МПИ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері қатысты.
-ҚМПИ-ы әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «тарих» мамандығының 10 студенті Қостанайдың намысын қорғады. «Тарих» мамандығының 4 курс студенті Айту Бексұлтан іріктеудің нәтижесінде пленарлық мәжілісте баяндама жасап бірінші дәрежелі дипломды (1 орын) иеленді. Секцияларда факультетіміздің студенттері Бекзат Нақыповпен Алтынай Ибраева үшінші дәрежелі дипломды (3 орын) иеленді. Конференцияның қалған қатысушылары қатысу сертификаттарын алды.
Конференция жоғары дәрежеде өтті. Олар студенттерімізді күтіп алып, ҚарМУ жатаханасына тегін орналастырып, танымал Карлагқа экскурсия ұйымдастырылды.
Біздің институтымыздың студенттері ғылым жолында ғылыми мақала жазып, оны сәтті қорғап, пікірталасқа түсті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген өздері сияқты студент жастармен және ғалымдармен танысып білісті. Конференциядан тағылымы мол тәжірибе жинады.
Міне мұндай жетістікке студенттерді дайындағын олардың ғылыми жетешілері т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлын, тарих магистрі Елкей Нұрлыбекті және т.ғ.к., доцент Майсара Бекмағамбетова мен тарих магистрі Толқын Ерішованы атап өтуге болады. Жалпы ұйымдастыру жұмыстарымен әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің декан орынбасары Рауан Байдалы айналысты.