«Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1-3 курс студенттерінде пән олимпиадасы
- Подробности
- Опубликовано: 24 ноября 2017
2017 жылы 24 қараша күні 210 дәрісханасында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1-3 курс студенттерінде пән олимпиадасы өтті. Бұл іс-шара мақсаты құқық және экономикадан білімдерді насихаттау.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары «Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері» кафедрасының меңгерушісі м.а. ф.ғ.к., доцент Амантаева А.Б., құқық магистрі, аға оқытушы Разуваева М.В., экономика магистрі, аға оқытушы Антаев Ж.Т. Іс-шара мемлекетіміздің негізгі заңының құрылымын білуге арналған тренинг, ҚР Конституциясы нормаларын білуге арналған тест, сәйкестендіру тапсырмалары және экономикалық есептерді шығаруға бағытталған.
Олимпиадалық тапсырмалар білім алушылардың құқықтану мен экономика саласында білімдерін тереңдетуге, өз бетінше ойлануға, өз білімдерін тексеруге арналған, және де өз білімдерін әріқарай тереңдету үшін мотивация беру болып табылады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орынға – «ҚжЭН» 3 курс мемлекеттік тілде оқитын студенттер командасы, 2 орын - «ҚжЭН» 2 курс орыс бөлімі, 3 орын - «ҚжЭН» 1 курс орыс бөлімі студенттері ие болды.
Пәндік олимпиаданың барлық қатысушылары сыйлықтармен марапатталды.