Аға оқытушы К.Г.Архипованың сыни ойлау әдістерін пайдаланып өткізген ашық сабағы
- Подробности
- Опубликовано: 08 декабря 2017
Аға оқытушы К.Г. Архипованың «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы 2 курс стуенттерімен «Сәндік композиция» («Сәндік-қолданбалы өнер негіздері» пәні) тақырыбында ашық сабағы 2017 жылдың 8 желтоқсанында оқу шеберханасында жүргізілді. Бұл сабақта, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті лекторы, п.ғ.к., доцент З.У. Имжарованың «Сыни ойлау дағдыларын дамыту әдістері» семинар-тренингі бойынша оқыту көрсеткіштерін ұсынды. Бұл семинар «Менеджмент саласындағы және кадрларды даярлау саласында халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік мамандарды оқыту» бағдарламасы аясында (20 қараша - 24 қараша аралығы, 2017жыл) ҚМПИ базасында өткізілді.
Оқу-әдістемелік стратегиялары Блум таксономиясын негізінде өңделген ашық сабақ құрылымынан алған жүйелі білімдері студенттердің өз мүмкіндіктерін танып - реттеу, өзіндік ойлауын дамытып, өткен және жаңа сабақ арасында байланыс орнатты. Сабақ мақсаты: «Сәндік композиция» бөлімі бойынша өткен тақырыпты бекіту. Сабақта төмендегідей: көрнекілік, ассоцация, кластер, авторлық орындық, өзара баға, теориядан тәжірибеге дейін, мақсатты сабақ, деңгейлі тапсырма, интервью, сұрақ- жауап әдістерін қолданды.
Теориялық тапсырма бойынша білімді тексеру, қорытындылау және қайталау кезінде курс бойынша «Күзгі ағаш» тапсырмасын қолданды. Білімін тереңдету мақсатында «Әшекейлер» тақырыбына сәйкес тапсырма берілді. Алынған білімді қорытындылау үшін студенттердің «Кілем жасау» шығармалық тапсырмасын іс жүзінде жасады. Атқарылған жұмыстар топпен жасалынды. Сабақтың соңында рефлексия жүргізілді.