ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында өткізілген конференция
- Подробности
- Опубликовано: 08 декабря 2017
2017 жылы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында өткен еліміздің Тәуелсіздік мерекесі мен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 25 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияға ҚМПИ-ның әлеуметтік-гуманитарлық факультеті тарих мамандығының студенттері де қатысты. Конференция жұмысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық дамуы және жетістігі мен болашағы; мәдени-тарих және әлеуметтік-экономикалық аспектісі бойынша екі бағытта жүргізілді. Онда жоғарыда аталған факультеттің тоғыз студенті баяндама жасады. Олардың арасынан 4-курс студенті С.Аминова М.Бекмағамбетованың жетекшілігімен «Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің тарихы» атты баяндамасы бойынша 2-ші дәрежелі дипломды иеленді. Ал, секция отырысындағы баяндамасы бойынша М.Нұрышева, Д.Шалғымбаевтар ғылыми жетекшісі Қ.Әбілмәлік 1 дәрежелі дипломға ие болып, 3-ші орынды жеңіп алды.