Медиация мектебінің тыңдаушылары медиацияның психологиялық негіздерін зерттейді

2017 жылдың 8 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасында Медиация және Халықтық Дипломатия мектебінде «Қуыршақ» тренингінде өзін таныстырудан сабақ басталды.

  • «Мен жауапты және мейірімдімін, - деді Катя өзі туралы.
  • «Мен өзімді мейірімдімін деп айта алмаймын. Мен жанжалды және күйгелекпін», - деді Антон өзі туралы, өзін Тоха деп таныстырды.
  • «Қақтығыс деген не?» - деп сұрады мұғалім Антон.
  • «Адамдар бір-бірін түсінбейтін кезде, - деп жауап берді Антон.

Тыңдаушылармен танысу әрі қарай жалғасты. 

  • «Мен тұйық адаммын», - деді Сергей өзі туралы.
  • «Ал сен өзіннің мәселелерінді қалай шешесің?» - деп сұрады мұғалім.
  • «Кейбір кезде басқа адамды түсінуге тырысамын, шешімін табуға, ал кейбір кезде күш қолданамын».

Бұл сабақ әдеттегідей тренинг түрінде өтті және «Медиация құралдарының жинағы» тақырыбына арналды. Психология кафедрасының аға оқытушысы Бисембаева Әсем Құмарқызы жаттықтырушы ретінде сөз сөйледі.

Сабақ барысында студенттер «Ағын», «Газетте тұрып ұстаңыздар», «Екі бас» жарыстарын өткізді.

Бұл ойындар топта және қақтығыс жағдайында әрбір адамның мінез-құлқын қадағалауға мүмкіндік берді.

Сабақтың соңында тыңдаушылар, қақтығыс жағдайында әрбір жақта «өз шындығы» бар екенін, әрбір жақ өз шындығын қорғауға тырысады деген қорытындыға келді. Медиатордың міндеті - әсер ету әдістерін қолдана отырып тараптардың әрқайсысын тыңдау, оларды татуластыру. Ал бұл үшін психология негіздерін зерттеу қажет!

Келесі сабақта, яғни 15 қарашада тыңдаушылар медиацияның психологиялық негізін зерттеуді жалғастырады деп айта кету керек.

08-11-17

08-11-17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Медиация мектебінің тыңдаушылары медиацияның психологиялық негіздерін зерттейді