ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауын өнер кафедрасында талқылау
- Подробности
- Опубликовано: 18 января 2018
2018 жылы 18 қаңтар күні өнер кафедрасының отырысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы талқыланды. Елбасының халыққа жолдауы жаңа жылға барлық басшыларға қойылған негізгі 10 талаптан тұрады, олар: «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс», «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту», «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі», Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру», «Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу», «Қаржы секторын «қайта жаңғырту», «Адами капитал – жаңғыру негізі», «Тиімді мемлекеттік басқару», «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі», «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін».
Кафедраның ПОҚ әр талаптың мазмұны айтылды. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.