ҚР Президентінің Жолдауы онлайн форматта талқыланды
- Подробности
- Опубликовано: 23 января 2018
2018 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасында әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің оқытушылары мен студенттері «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қарқынды дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президентінің Жолдауын талқылады.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедра Ассоциациясының ұсынысы бойынша 11 республикалық ҚХА қатысуымен ҚХА кафедрасының ассоциация отырысы Республикалық деңгейде, кең ауқымда онлайн режимде өткізілді.
Отырыс барысында ҚР Президентінің Жолдауы талқыланып, Елбасының «Эра Независимости» атты кітабының презентациясы өткізілді.
ҚХА кафедра Ассоциациясының Төрағасы Башмаков А.А. кездесудің жылдың және семестрдің басталуымен тұспа-тұс келгенін, сонымен қатар ҚР Президентінің Жолдауы мен «Эра Независимости» атты кітабының жарыққа шығуымен байланысты екендігін атап өтті.
Садвакасов А.К., Мынбай Д.К., Гривенная Л.А. (М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚХА кафедра меңгерушісі), Мынжас Н.К. ( Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ҚХА кафедра меңгерушісі) Елбасының Жолдауы бойынша негізгі он міндетті түсіндіріп өтті.
Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институты атынан тарих магистрі, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Дастан Мұратұлы баяндама жасады. Өз сөзінде Жолдау бойынша жаңа дәуірде жетістікке жету үшін қандай міндеттерді атқару керек екендігін атап өтті.