ҚМПИ оқытушылары аймақтық ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобына қосылды
- Подробности
- Опубликовано: 02 февраля 2018
2018 жылы 2 ақпанда Қостанай облысының достық үйінде ғылыми-сараптамалық тобының ҚХА-ның жиналысы өтті.
Еске сала кетсек, Қостанай облысының халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы тұрақты консультативтік-сараптамалық органы болып табылады. Оның құрамында ҚМПИ-дің атынан Абиль Е.А (ҚМПИ ректоры), Мусабекова Г.А (ҚМПИ академиялық-әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры) және Евдокимова О.Н (ҚХА кафедра меңгерушісі ҚМПИ, ҒСТ төреағасының орынбасары).
Өткен жұма күні ғылыми-сараптамалық топтың отырысында күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобына жаңа мүшелерді енгізу мәселесі болды.
Талқылау қорытындысы бойынша, ұсынылған кандидаттардың тізімін қарастыру барысында , ғылыми-сараптамалық топ құрамына ҚМПИ-дың әлеуметтік–гуманитарлық факультетінің үш оқытушысы сайланды:
- Шахаман Зәмзәгүл Бәйекеқызы – ҚМПИ-дың әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
- Абенов Данияр Еделханұлы – ҚМПИ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы , тарих магистрі.
- Абильмаликов Қуаныш Қабдулұлы – ҚМПИ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы.
Біздің әріптестерімізді ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобына өтуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге демократияны дамытудағы , азаматтық қоғамның бірлігі мен қазақ қоғамындағы ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудегі Ассамблеяның рөлін күшейтуге бағытталған қызықты және жемісті жұмыс тілейміз.