Бизнес жоба құрастыру бойынша семинар-тренингі
- Подробности
- Опубликовано: 28 февраля 2018
28-ақпан күні өнер кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымдарының магистрі Қасаболат А. Ж. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлестікте «Жастарды кәсіпкерлікке баулу, бизнеске меңгеруді дамыту» тақырыбында институт студенттерімен және жас мамандармен семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты студенттерді стар-ап жобаларға қатыстыру, жастарды бизнесті меңгеруге қызығушылығын ояту. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Әбдіхалықов Ә. Ә. бизнес туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар бизнес-тренер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында бизнесті меңгеруге арналған арнайы курстар бар екендігін айта кетті. Айгүл Жапарбекқызы старт-ап жоабаға қойылатын талаптар, бизнес-модель «Канвас» шаблонын студенттерге түсіндірді. Қазақстандағы жас кәсіпкерлер туралы дайындалған арнайы репортаж көрсетілді. Әбуталіп Әмірұлы семинар соңында «Өмір тағылымдары» атты жинағын қолтаңбасымен жас мамандарға сыйға тартты.