«Тарих сабағында инновациялық технологияларды пайдалану»
- Подробности
- Опубликовано: 26 февраля 2018
2018 жылдың 26 ақпаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы аясында «Тарих сабағында инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында әдістемелік семинар болды.
Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсынан өтіп келген оқытушылар Тастекова Г.Б., Елкей Н.Н. өткізді. Семинарға институттың қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің маманы Ищанова Р.С. және институт оқытушылары қатынасты.
Тастекова Г.Б. тарих сабақтарында Б.Блум таксономиясын пайдаланып мастер-класс көрсетті. Бұл тапсырмаларда оқыту мақсаттары (ақпаратты иелену деңгейі) күрделілігі бойынша көрсетіледі.
Елкей Н.Н. Hot potatoes бағдарламасының әдістемесімен таныстырып, практика жүзінде кроссворд, флэш-тест және сәйкестендіру сұрақтарын құрастыруын көрсетті.