1 наурыз – Алғыс айту күні

2018 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне орай Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен көпшілікке арналған лекция өткізілді. Лектор Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы іс-шараның мақсатына сай институт оқытушылары мен студенттеріне аталған күннің тарихы мен маңыздылығы туралы баяндап берді.

Бәрімізге белгілі, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Аталған іс-шараға институт оқытушылары мен факультет студенттері қатынасты. Аманжол Күзембайұлының тағылымы мол лекциясын ұйымдастырушылары Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Н.Н. Елкей және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушы Мұратұлы Дастан болып табылады. Лекция барысында тақырыпқа байланысты презентация мен видеоролик көрсетілді. Жиын соңында барлық қатысушы оқытушылар мен студенттер естелік фотоға түсті.

 

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз