«Жанұя» отбасылық типтегі балалар үйінде мерекелік іс-шара

8-наурыз халықаралық әйелдер күні мереке қарсаңында бейнелеу өнері және сызу мамандығының білімгерлері «Айналайын» әлеуметтік жобасы «Жанұя» отбасылық типтегі балалар үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Білімгерлер мастер класс өткізді. Студенттердің қолдан жасалған гүлдері балалардың көңілін көтерді. Әлеуметтік жоба жетекшісі Қасаболат А. Ж. балаларға тәттілер таратты. Әр мереке сайын балаларға аквагрим салу студенттердің дәстүріне жалғасты. Балаларға білімгерлермен шығармашылық жұмыс жасаған ұнайды. Әр бала ертегідегі кейіпкерлерімен аквагрим арқылы қауышып, шат-шадыман болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Жанұя» отбасылық типтегі балалар үйінде мерекелік іс-шара