Кәсіби медиатор Кадралинова М.Т. медиация мектебінде сабақ өткізді

2018 жылдың 14 наурызында Медиация және Халықтық Дипломатия мектебінде Қостанайлық Әлеуметтік Білім Колледжінің директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, кәсіби медиатор Кадалинова Марияш Тлеугабыловна өткізді.

Лектор өз сөзінде «Медиация» ұғымын, қағидаларын қарастырды. Тыңдаушыларды медиация негіздері мен медиация процесімен және медиацияның сот процестерінен артықшылықтарын атап өтті.

Отбасылық, еңбек және әлеуметтік қатынастарды қарастыру барысында, медиация процесін ұйымдастыру және өткізу бойынша мол тәжірибеге ие болған Марияш Тлеугабыловна өз тәжірибесінен мысалдар келтірді. Соның арқасында сабақ өте жақсы практикалық құндылыққа ие болды.

Айта кетсек, ҚМПИ-дің ҚХА кафедрасында медиация мектебі екі жылдан бері бар. Биылғы жылы мектепке институттың студенттері, оқушылар мен Қытайдан келген студенттер, ҚМПИ- да мобильность бағдарламасымен оқып жүрген студенттер барып жүр.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Кәсіби медиатор Кадралинова М.Т. медиация мектебінде сабақ өткізді