Наурыз мерекесі қарсаңындағы ашық сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 14 марта 2018
Қазақстан Халықтар Ассамблеясы мен орыс тілі және әдебиеті кафедраларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық салт – дәстүрлердің рухани сабақтастығы» атты мерекелік іс – шара өткізілді.
Мереке 1 – курс студенттерінің қатысуымен өткізілді, ал қонақ ретінде шет елден келген қытайлықтар Наурыз мейрамының шығу тарихымен, салт – дәстүрлерімен, жөн – жоралғыларымен танысып, қазақ халқының көне мәдениетіне аса қызығушылық танытып тәнті болды.
Наурыз – жақсылық жаршысы.Дастарқан молынан жайылып, ет асылып, қымыз сапырылып, бауырсақ пісіріліп ұлттық тағамдар дәріптелді.Келген қонақтарымыз дастарқан басында жайылған астан дәм татып, наурыз көжеден ауыз тиді.
Жастар қазақ, орыс және қытай тілдерінде әңгімелесе отыра, біздің студентіміз Жанат Сұңқар қытай тілін жақсы меңгергендігі қытайлық студенттерді таң қалдырды. Жастар үш тілде емес, достық тілінде сөйлесті.