ҚХА кафедрасы бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді
- Подробности
- Опубликовано: 14 марта 2018
«Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы шеңберінде кафедра ҚХА Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 2018 жылдың 14 наурызында бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге Н.Назарбаевтың Қазақстандық қоғамдық келісім моделі мен жалпыұлттық үлгісі ұсынылды.
Студенттер алдында баяндама оқуға шыққан Жақып Қ.Х., философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің профессоры. Ол өз сөзінде Н.Назарбаев ұсынған барлық жобаларды біз қолдайтынымызды және жүзеге асыратынымызды айтты. Қазақстанның қоғамдық үйлесім мен ұлттық бірліктегі үлгісі Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы мен мемлекетінің бірлігін нығайтуға бағытталған.
Балғабаева Г.З. (тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚМПИ жобалық кеңсесінің басшысы) өз баяндамасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруы туралы айтты.
ҚХА кафедрасының меңгерушісі Евдокимова О.Н., педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ ҚХА кафедрасының жұмысы туралы айтып берді.