5 әлеуметтік бастаманы ҚМПИ студенттері ҚХА кафедрасында талқылады

Мемлекет басшысы Н.А Назарбаев ұсынған әлеуметтік бастама БАҚ- да, қоғамда, дүниежүзілік саясатта кең тарау алды.

20-шы наурыз 2018 жылы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенттері мен оқытушылары, ҚХА кафедрасы ұйымдастырған диалог алаңында Президент ұсынған “Бес әлеуметтік бастама – әлеуметтік модернизация жолымен масштабты қадам ” атты жаңа бағдарламалық құжатты талқыға салды.

Президенттің бастамаларында тұрғын үй, білім, бизнес және газдандыру мәселесін қозғады. Құжатта берілген мәселелер арқылы спикерлер мен талқыға салынатын тақырыптар айқындалды.

“ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ” филиалының директоры Саудабаев Дәурен Мұратұлы “ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ” арқылы қолжетімді баспана мен шағын кредиттерді қалай алуға болатынын баяндады. Бұл филиал баспана қыйындықтары бар көптеген жас отбасыларына баспана мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Ақысы төмен қызметкерлердің салық жүктемесін төмендету маңыздылығы туралы Назарбаев ұсынған “Бес әлеуметтік бастамасында” экономика ғылымының кандидаты, әлеумет және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті Тобылов Қуаныш Тобылович баяндады.

Бұл құжатта басты назар жастарға аударылған. Жастар – мемлекеттің болашағы.Сапалы және қолжетімді білім беру – Қазақстанның дамуы мен бәсекеге қабілетті болуының кепілі. Ол туралы АТТ ҚММ “Қоғамдық Келісім” Қостанай облысысы әкімдігі , “Құқық негіздері және экономика” мамандығының 4 курс студентті Мурзағалиев Руслан “Мен “Президенттің бес әлеуметтік бастамасында” атты баяндамасында баяндады.

Кездесудің соңында студенттер спикерлерге сұрақтар қойды. Сұрақтардың көбісі Қолжетімді баспана жайлы болды.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті 5 әлеуметтік бастаманы ҚМПИ студенттері ҚХА кафедрасында талқылады