«Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесінен» әдістемелік семинары
- Подробности
- Опубликовано: 29 марта 2018
2018 жылдың 29 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өнер кафедрасының әдістемелік апталығы шеңберінде «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесінен» атты әдістемелік семинар өтті. Іс-шараның мақсаты мұғалімдерді «Өрлеу» БАҰО біліктілікті арттыру курстарында оқыту нәтижесінде алынған педагогикалық жұмыс тәжірибесімен таныстыру болды.Әдістемелік семинарды Өнер кафедрасының аға оқытушылары М.Ж.Ордашева, К.А.Жакаева, А.А.Қасаболат, Н.К.Әмірхамзиндер өткізді.
Н.К. Әмірхамзин педагогтарды тәжірибелік сабақтарда сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістерін қолдану тәжірибесімен таныстырды. Мұғалім сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістерін қолдана отырып, шығармамен жұмыс кезеңдерінің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. К.А.Жакаева «Музыкалық дәріс» жобасымен таныстырып, «CASE-зерттеу» технологиясы және жобалық оқу бойынша жұмыс нәтижелерін көрсетті. Бұл жобаны «Жанұя» отбасылық үлгідегі үй әлеуметтік жобасы шеңберінде мұғалім табысты түрде пайдаланады. М.Ж.Ордашаева FREEMAKE бағдарламасын пайдалану бойынша мастер-класс көрсетті. Бұл бағдарламаны мұғалім көптілділік элементтерін қолдана отырып, «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» сабақтарында сәтті қолдануда. А.Ж. Касаболат «Бейнелеу өнері тарихы және теориясы» пәні бойынша дәрістіксабақтарда Исикава (Fishbone) диаграммасын қолданудың әдіснамасын көрсетті. Бұл әдісті қолдану бір тақырыпты зерттеу шеңберінде бірталай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.