ӘГФ бірінші курс студенттері «Терпсихора» интеллектуалды-музыкалық ойында ЖМФ-ті жеңді

3 сәуірде ҚМПУдың әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық факультеттерінің арасында зияткерлік-музыкалық ойын өткізілді. Факультетіміздің «Deep House» командасы «Тарих» мамандығының бірінші курс студенттерінен құралды: Идрисова Айдана, Бидалов Айдар, Балтабекова Айдана және Потемкин Иван. Команданың капитаны Дмитрий Лепетя болды.

Ойын төрт кезеңінен кұралды: сипаттама, салыстырмалы, музыкалық-анықтамалық және аналитикалық. Іс-шараның мақсаты - ҚМПУ студенттерінің музыкалық шығармашылығын насихаттау және факультеттер арасындағы өзара ықпалдастықты интеграциялау болды. Қатысушылар түрлі музыкалық жанрларды, жастардың субкультураларын, орындаушыларын, әлем халықтарының әндерін және музыканың соңғы жаңалықтарын білуге ​​тиіс еді. Сұрақтар күрделі болды және студенттерден лингвистикалық білімді мен аналитикалық ойлауды талап етті.

Ойынның нәтижесі бойынша командамыз бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, іс-шара барысында өздерін ерекше атап өткен студенттер номинацияларымен марапатталды: «Ең мұқият қатысушы» - Айдана Идрисова, «Ең терең ойлайтын қатысушы» - Дмитрий Лепетя.

Бұл іс-шара факультеттердің өзара іс-қимылына және қатысушылардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал етті.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ӘГФ бірінші курс студенттері «Терпсихора» интеллектуалды-музыкалық ойында ЖМФ-ті жеңді