Бизнес семинар-тренинг
- Подробности
- Опубликовано: 29 марта 2018
28-наурыз, 29-наурыз күндері өнер кафедрасы бейнелеу өнер және сызу мамандығының аға оқытушысы А. Ж. Қасаболат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері А. Ә. Ә. Абуталиповпен бірлестікте институт қабырғасында институт ректоры Е. А. Әбілдің қаржылық қолдауымен жастар арасында бизнесті дамыту, бизнес жобаны дайындап үйрену мақсатында «Студенттерді бизнес жоба дайындауға үйрету, старт-ап жобаны меңгеру» тақырыбында орыс және қазақ тілдерінде семинар-тренинг өтті. Семинар тренинг екі бөлімнен, бірінші бөлімде теориялық мәліметтермен қамтылды. Екінші бөлімде студенттермен практикалық жұмыс жүргізіліп, студенттермен шығын кірістерді есептей білуге, бизнес моделдермен таныстырылып, тәжірибе алмасты. Әлеуметтік және гуманитарлық факультетінің жас мамандарымен семинар-тренингтен кейін жобаны жүзеге асыруға бизнес –тренермен кеңес жүргізілді.
Бизнес-жоспар құрылымы
- Жобаны қысқаша сипаттау
- Жобаны жүзеге асыру орны
- Бизнес-жоспардың мақсаты
- Бизнес-жоспарды жүзеге асыруға қажетті, талап етілетін инвестиция сомасы
- Жоба қатысушылары жайында мәліметтер – жоба бастамашысы
- Жобаның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде:
- Сұралатын кредит өлшемдері
- Қарастырылатын кезеңге таза пайда
- Жобаның өтелімділік мерзімі
Бизнес-жоспар мазмұны
- Жоба түйіндемесі
- Кәсіпорынды (бастамашыны) сипаттау
- Тауарды/ көрсетілетін қызметті сипаттау
- Ұйымдастыру жоспары
- Технологиялық процесс
- Маркетинг бөлімі
- Қаржылық жоспар
- Әлеуметтік бөлім
- Экологиялық бөлім