Өнер кафедрасының апталығы
- Подробности
- Опубликовано: 30 марта 2018
2018 жылдың 26 наурыздан 30 наурыз аралығында Тарих және өнер факультетінің Өнер кафедрасында әдістемелік кафедра апталығы өтті.
26-наурыз (09:30) Өнер кафедрасында апталықтың ашылуы барысында аға оқытушы Қасаболат А. Ж. 3-курс «Бейнелеу өнері және сызу мамандығы» мамандығы студенттерімен «Қазақстанның сәулет өнері» тақырыбында ашқы сабақ өткізді. SMART- мақсат бекітілген, Блум таксономиясы әдіс-тәсілі қолданылды. Қазақстанның архитектурасының даму жағдайы, стилі туралы толық ақпарат берілді. Видео аудио жазбалар көрсетілді. Сондай-ақ Астанада болашақта бой көтеретін ғимараттар туралы видео көрсетіліп талқыланды. Сабақты бекіту тақырып бойынша тест құрастырылып, студенттер жауап берді.
«Өнер» кафедрасының әдістемелік апталығын өткізу аясында 2018 жылдың 26 наурызайында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қосымша білім беру педагогының әдістемелік жұмысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты-барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының күштерін топтастыра отырып, қосымша білім беру педагогтарыныңәдістемелік жұмыстарының мәселелерін шешу.
Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысқандар: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің балалар шығармашылығы мектебі» КММ әдіскері Ундимисова Кульпаш Сейтпековна; "Жас Ұлан" РББЖҰ Қостанай филиалының атқарушы хатшысы Зубкова Наталья Ивановна; қосымша білім беру педагогы Назарханова Айгерим Советхановна; қосымша білім беру педагогы Тургаева Раушан Болатбековна; "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 балалар музыкалық мектебі" МКҚК директордың оқу-әдістемелік жағынан орынбасары Дюсенова Альфия Курбангалиевна; Е. Өмірзақов атындағыоблыстық филармониясолисті Степанова Наталья Александровна.
28 марта (15:00) күні өнер кафедрасы бейнелеу өнер және сызу мамандығының аға оқытушысы А. Ж. Қасаболат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері А. Ә. Абуталиповпен бірлестікте институт қабырғасында институт ректоры Е. А. Әбілдің қаржылық қолдауымен жастар арасында бизнесті дамыту, бизнес жобаны дайындап үйрену мақсатында «Студенттерді бизнес жоба дайындауға үйрету, старт-ап жобаны меңгеру» тақырыбында орыс және қазақ тілдерінде семинар-тренинг өтті. Семинар тренинг екі бөлімнен, бірінші бөлімде теориялық мәліметтермен қамтылды. Екінші бөлімде студенттермен практикалық жұмыс жүргізіліп, студенттермен шығын кірістерді есептей білуге, бизнес моделдермен таныстырылып, тәжірибе алмасты. Әлеуметтік және гуманитарлық факультетінің жас мамандарымен семинар-тренингтен кейін жобаны жүзеге асыруға бизнес –тренермен кеңес жүргізілді.
28 наурыз (16:30) оқытушы Амирхамзин Н.К. «Негізгі музыкалық аспап» пәні 3 курс практикалық жаттығулар тақырыбына «домбыра күйлері ерекшелігі» бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім зерттеу «Өрлеу» НЦПК курстарында алынған сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданды.
Өнер кафедрасының аға оқытушылары М.Ж. Ордашева., К.А. Жакаева, А.А. Қасаболат, Н.К. Әмірхамзин 29 наурызда (10:30) «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесінен» атты әдістемелік семинар өткізді. Н.К. Әмірхамзин педагогтарды тәжірибелік сабақтарда сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістерін қолдану тәжірибесімен таныстырды. Мұғалім сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістерін қолдана отырып, шығармамен жұмыс кезеңдерінің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. К.А.Жакаева «Музыкалық дәріс» жобасымен таныстырып, «CASE-зерттеу» технологиясы және жобалық оқу бойынша жұмыс нәтижелерін көрсетті. Бұл жобаны «Жанұя» отбасылық үлгідегі үй әлеуметтік жобасы шеңберінде мұғалім табысты түрде пайдаланады. М.Ж.Ордашаева FREEMAKE бағдарламасын пайдалану бойынша мастер-класс көрсетті. Бұл бағдарламаны мұғалім көптілділік элементтерін қолдана отырып, «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» сабақтарында сәтті қолдануда. А.Ж. Касаболат «Бейнелеу өнері тарихы және теориясы» пәні бойынша дәрістіксабақтарда Исикава (Fishbone) диаграммасын қолданудың әдіснамасын көрсетті. Бұл әдісті қолдану бір тақырыпты зерттеу шеңберінде бірталай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
30 наурыз (14:30) п.ғ.к. Сапиева М.С., аға оқытушы Задорожная С.Н., оқытушы Акбужурова С.Ж. 2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім және Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру аясында «Ғасырлар тоғысында Қазақстан классикалық музыка композиторларының» ғылым жобасының бөлімінің нәтижелерімен оқытушыларды таныстырды.