«Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттерінің педагогикалық практика өту барысындағы туындаған мәселелер мен ой - пікір алмасу»
- Подробности
- Опубликовано: 17 апреля 2018
17 сәуірде Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедарасының апталығына орай Антаев Ж.Т. «Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттерінің педагогикалық практика өту барысындағы туындаған мәселелер мен ой - пікір алмасу» тақырыбында дөңгелек стол отырысын өткізді. Оған «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының 3-ші және 4-ші курстарының студенттері, практика жетекшілері мен әдіскерлері Духин Я.К., Кифик Н.Ю., Амантаева А.Б., және «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
Бұл отырыста 3-4 курс студенттері педагогикалық практика өту барысында туындаған мәселелері туралы талқылады және алған тәжірибелерімен бөлісті. Айта кететін болсақ сабақ өткізу барысында мектеп оқушыларының құқықтық – гуманитарлық пәндерден алған теориялық білімдерін меңгеруде қызығушылықтарының төмен екендігін көрсетті. Бұл ретте практиканттар институт қабырғасында алған мол білімдерін пайдаланып қосымша әдебиеттермен жұмыс түрлерін, негізгі ұғымдар мен түсініктерді глоссарий түрінде және ойын сабақ түрінде т.б. әдістемелік материалдарды қолданып ынтасын арттыруға көмектесті. Сондай-ақ практика жетекшілері мен әіскерлерінің педагогикалық практикаға қалай дайындалып бару мен сабақ барысында оқушыларды қалай ұйымдастыру керектігі жөнінде өздерінің әдістерімен бөлісті және әрбір студентке практика барысында өздерін мұғалім ретінде қалай ұстағаны жөнінде ақыл-кеңес беріліп кетті.
Дөңгелек стол қызу пікір-талас, талқылаумен өтті, әркім өз тәжірибесінде кездескен ортаға салып оны қалай шешудің жолдарын айтты. Болашақта педагогикалық практика барысында студенттерді әдістемелік тұрығыдан әлі де жетілдіру мәселесі айтылды.