ҚМПУ студенттері Ы.Алтынсариннің кесенесіне барды
- Подробности
- Опубликовано: 07 июня 2018
Қазіргі жастар өз Отанын сүюге, біздің тарихымызды жасаған мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ағартушыларын білуге тиіс. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанның барлық аймақтарында еліміздің танымал тұлғаларын мәңгі есте сақтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осы бағдарламаның арқасында Қостанай қаласында Ы.Алтынсариннің кесенесі қайта жөнделді.
Ыбырай Алтынсарин – қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы, фольклорист, қоғам қайраткері және ғалым-этнограф. Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білім беруіне бастау болды. Ол мектептер ашып, балаларға арнап кітап жазды, Л.Н. Толстой мен И.А Крыловтың еңбектерін қазақ тіліне аударды.
2018 жылдың 7-маусымында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының асыру аясында 5В011400-Тарих мамандығының 3-курс студенттері және ҚМПУ-дың жас ғалымдары (Д.Д. Қалиев – педагогика кафедрасының аға оқытушысы, Д. Мұратұлы – Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, Т.А. Еришева – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты) Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне барды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Ұлы ұстазға құран бағыштап, өлеңдер оқыды.
Студенттердің көбісі «Серпін» бағдарламасы бойынша оқу грантының иегерлері. Оларға Қостанай өлкесінің тарихының бір бөлшегін сезінуге тамаша мүмкіндік туды. Ыбырай Алтынсариннің кесенесі – бұл «Қазақстанның киелі картасының» тізіміне енген қазіргі сәулет өнерінің ескерткіші.