Оқушылардың ЖОО-да экскурсиялары

-

2018 жылдың 26 қыркүйегінде кәсіби бағдар жұмысы және мектеппен ынтымақтастық аясында біздің ЖОО-да Қостанай қаласының "Физика – математикалық лицей" оқушыларына экскурсия жүргізілді (топ жетекшісі - тарих мұғалімі және ҚМПУ түлегі Н.В. Ковальчук). Экскурсия Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы мен қосымша және қашықтықтан білім беру факультетімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. С.В. Самаркин оқушыларға біздің оқу орнының құрылу тарихы мен қызметі туралы айтып, атаулы аудиторияларды - Ы. Алтынсарин, М.Қ. Қозыбаев, Г.Д. Джантурин, В.С. Макотченко және т. б. ұйымдастырып көрсетті.

History lab-да Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ж. Бекмағамбетова, қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты С.В. Самаркин және PhD докторы Байдалы Раунның "Қазақстан тарихының пікірталас мәселелері" атты ғылыми-танымдық әңгімесі өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз