Республикалық лектория аясындағы ҒСТ отырысы "Қазақстан" жобасы бойынша ҚХА кафедрасында өтті
- Подробности
- Опубликовано: 11 октября 2018
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделін насихаттау бойынша республикалық дәріс өткізу аясында Қостанай облысы 2018 жылы 11 қазанда Қазақстан Халық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті.
Қонақтарың алдында Қостанай облысы Ғылыми Сараптамалық Топтың төрағасы А.Б Бекмағамбетов сөз сөйледі, ол облыстық Ғылыми Сараптамалық Топ жұмысы және «Қазақтану» жобасының маңыздылығы туралы, О.Н. Евдокимова, ҚМПУ Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасының меңгерушісі жастар санасын рухани жаңғырту және патриотизм бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясындағы Қазақ Халқы Ассамблея кафедрасының қызметі туралы айтып берді.
Қостанай облысы Қазақ Халқы Ассамблея Ғылыми Сараптамалық Топ мүшелері мен Қостанай қаласы мектептерінің тарих оқытушылары алдында Қазақстанның көрнекті ғалымдары дәріс оқыды.
Қазкенов Қазбек Майлыбайұлы (профессор, академик, философия ғылымдарының докторы) Қазақстанның гүлдену векторы ретінде «Қазақтану» жобасын ұсынды.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылым докторы Манғазинов Мұратбек Мүбаракханұлы (І.Жанүгіров атындағы мемлекеттік университеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры) «Ұлы Дала елінің басты және философиялық ойлары» атты тақырыпқа ашық сабақ өткізді.
Пуссеп Геннадий Николаевич (Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі жанындағы Рухани келісім бойынша жұмыс сараптамалық тобының жетекшісі, Қазақстан Журналисттер Одағының мүшесі, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі) «Қазақстандықтардың рухын нығайтуға ықпал етудің жолдары мен әдістері» тақырыбында баяндама жасады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетің әлеуметтік ғылымдар факультеті, археология және этнология кафедрасының профессоры Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультеті археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты, доцент Артықбаев Жамбыл Омарович «Қазақстандық : қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі рөлі.
Әбіл Еркін Аманжолұлы (Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы) «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы Медиация және консенсус» атты тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу соңында Қостанай педагогикалық университетіне авторлық ұжым Г.Н.Пуссеп атынан ақын Абай Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын ашатын бірегей кітап сыйға тартылды.
Кездесу соңында университет қонақтары үшін мұражай мен «Руханм жаңғыру» жоба кеңсесі бойынша экскурсия өткізілді.