«Менің өлкем балалық шақтан жалғыз жұмақ» атты ақын Чумакова Зинаида Супьяновнаның шығармашылық кеші

2018 жылдың 12 қазанында Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқының Ассамблеясы кафедрасында қоғамдық келісім және жалпыұлттық бәрлікті қазақстандық моделін насихаттау бойынша республикалық лектория аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты және Константин Симонов атындағы алтын медальдің иегері, Әдебиет сыйлығының лауреаты және Гавриил Державин атындағы орденнің иегері, 10 өлең мен прозаның авторы Чумакова Зинаида Супьяновна.

Ерекше әйелмен кездесуде ҚМПУ филология және тарих факультетінің бірінші курс студенттері, сондай-ақ тарих факультетінің ақындық үйірмесінің мүшелері болды. Зинаида Супьяновна Қостанай облысында Құшмұрын станциясында дүниеге келіп, ол оны өзінің кіші отаны деп есептеп, өлеңдерінде ақындық ән шырқады:

Мой Кушмурун, всю боль в наследство

От нас ты принял, так держись.

Я здесь проездом через детство.

А может, даже через жизнь.

«Алтыбақан», «Адам болу», «Гранат білезігі», «Түсімде тау көрем», «Шашу» - бұл және басқа да өлеңдерді Зинаида Супьяновна отбасы туралы, интернатта өмір сүрген жылдары туралы, үлкен ағасы Сұлтан туралы, Ұлы дала тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері арқылы студенттерге өз отбасының өткені мен бүгіні туралы баяндады.

Университет студенттерінің жүрегінде, ой-санасында із қалдырған кездесу үшін философия ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, ҚМПУ тарих факультетінің студенттік поэтикалық үйірме жетекшісі Әлшанова Бағытжан Хамитқызы алғыс сөзін сөйлеп «Мен ешкайда кетпеймін...» атты биографиялық кітабын презентациялады.

Студенттер Зинаида Супьяновнаға оның өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген сұрақтар қойды, бірақ «кішкентай Зина не туралы армандады және Зинаида Супьяновна не туралы армандайды?» деген сұрақ улкен қызығушылық тудырды.

Автор өлеңдері сияқты, жақсы, жан-жақты және ашық түрде З.С.Чумаковамен шығармашылық кездесу өтті.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Менің өлкем балалық шақтан жалғыз жұмақ» атты ақын Чумакова Зинаида Супьяновнаның шығармашылық кеші