Өлкетану клубының жұмысының басталуы

2018 жылыдың 12 қазанында ҚМПУ-да өлкетану клубының бірінші отырысы өтті. Клубтың қызметі "Туризм", "тарих" мамандықтарының студенттерін, сондай-ақ Қостанай педагогикалық колледжінің 2 курс қатысушыларын да қызықтырды. Бірінші отырысқа барлығы 20 студент және оқытушылар қатысты. Олардың ішінде Қостанай педагогикалық колледжінің шет тілі кафедрасының оқытушысы Шағатаева Зауреш Жарасбаевна, дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Гурская Ирина Федоровна қатысты. Клуб мүшелері өз басшысын сайлады. Ол "Тарих" мамандығының 1 курс студенті Тұяков Айдар болды. Клубтың қызметі барысында қаралатын мәселелер тізімі, перспективалық жоспарлар анықталды.

Клубтың ғылыми кеңесшісі - қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты С.В. Самаркин туған өлкені зерттеу тәжірибесімен бөлісті. Өлкетанудың тақырыбы бойынша әдебиеттер, жергілікті өлкетанушылардың қызметінің сипаттамасы ұсынылды.

Жаңа клубтың жұмысына сәттілік тілейміз!

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз