Өлкетану клубының кезекті отырысы

2018 жылғы 26 қазанда History Lab (221 кабинет) өлкетану клубының кезекті отырысы өтті. Клубтың ғылыми кеңесшісі - қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Владимирович Самаркин, жергілікті өлкетанушылардың қатысуымен өткен және алдағы іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Шағатаева Зауреш Жарасбаевна, Қостанай педагогикалық колледжінің студенттер тобының жетекшісі, Введенка ауылына баруы туралы шағын есеппен сөз сөйледі. Сапардың басты мақсаты кенттің көрнекті тумалары – Мұхамеджан Қарабаев, Серік Сұлтанғабиевпен танысу болды. Студенттер жергілікті мектепте өткен конференцияға қатысты.

Иржанова Алсу бірінші уездік қазақ дәрігері Мұхамеджан Қарабаев туралы өмірбаяндық мәліметтерді ұсынды. Мельников Ростислав граната жарылысы кезінде қол астындағысын құтқарған Серік Ғазисұлы Сұлтанғабиевтің ерлігі туралы айтып берді. Сөз сөйлеушілер, дәл осындай тұлғалар өз халқына шексіз қызмет етудің үлгісі болып табылатының, атап өтті және өскелең ұрпақ үшін моральдық бағдар болып саналады.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз