Қостанай қаласында алғаш өткен «Thinkathon» атты ісшарасында ӘГФ-нің студенттері, Қазақстанды цифирландыру мәселесін шешті
- Подробности
- Опубликовано: 18 ноября 2018
Thinkathon «Цифирлы жүйедегі» Қазақстан-бұл еліміздің барлық жерінде өтіп жатқан ісшара. Оған әр командаға 5-7 адамнан бөлініп қана қоймай қаланы сандық жүйеге келтіру тапсырмасын орындауда өз шешімдерін ұсынды. Қаламызда алғаш рет өткізілген бұл ісшараға студенттер мен «Атамекен» палатасының мүшелері қатысуға ниет білдірген білімді жастардан құралған 11 команда қатысты.
ҚМПУ-дың атынан факультетімізден бірден екі құрама қатысты. Бірінші курс студенттерінен құралған «Астра» құрамасы атынан «Тарих» мамандығының студенттері Айнұр Ермағамбетова, Анна Сероус, Владислав Николаенко, Дамир Төлегенов, Арғымбай Темірлан және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығынан 1 курс студенттері Абдрахманова Дилара, Есболов Асхат және «Музыка» мамандығынан Қуанышбек Балауса сынға түсті. Ал, жоғары курс «Тарих» мамандығының студенттерінен құралған «10 Help» құрамасынан Жұлдыз Адырбаева, Динара Жұматова, Идирисова Айдана және Мұрат Шерниязов, Меңдібаева Татьяна және Қапсұлтанова Гүлданалар бақ сынады.
Қатысушылардың алдына ауыл шаруашылығын цифирландыру мен қаланың қауіпсіздігін шешу мәселелері деген әртүрлі тақырыптардан құралған 11 кейс тапсырма қойылды. Жеребе бойынша әр құрама кейстің бір тапсырмасын қорғап шығуы керек болды. Іс-шараның соңында АҚШ елшілігінің қолдауымен, қатысушылардың барлығы 10 мың теңгенің сертификаттарын иеленді. Дауыс беру арқылы қатысушылар жеңімпаз ретінде ең дұрыс шешім тапқан факультетіміздің «10-Help» тарихшылар құрамасы 120 мың теңгенің сертификатын иеленді.
Жеңімпаз болған достарымды және факультетті жеңісімен құттықтаймын!
Аударған:
Салтанат Серікова, тарих мамандығының 3 курс студенті.