Тәуелсіз елдің жастары!

Қараша айының 29-ыншы жұлдызында «Музыкалық білім» мамандығының студенттері факультет мұғалімдері мен студенттеріне арнап Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған шағын мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерттің басты мақсаты: ел тарихын, жер тарихын және де қойнауы қазынаға толған әсем табиғатын музыка арқылы тыңдармандарға жеткізу.

Студенттер фортепиано аспабында еліміздің белгілі композиторларының шығармаларын ойнап, қобыз, домбыра аспабында күй шертіп, фортепиано сүймелдеуімен ән шырқап, елімізді жырға қосты. Концерт жүргізушілері әр орындалған музыкалық шығарманың тарихымен таныстырып отырды. Кудебаева Наргиз және Ықласова Ақбота орындаған «Үш қоңыр» әнін тыңдармандар бірге шырқады. Әннің авторы елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері һәм кіндік қаны тамған құтты мекені – Алматы қаласының іргесіндегі Қаскелең, соған қарасты Үшқоңыр ауылы.

Әсем ән осы бір қасиетті мекеннің табиғатын суреттеп, тарихынан сыр шертеді. Концерт барысында жергілікті композитор, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауыл мекенінде дүниеге келген Абишев Қайырғали Алекеұлының шығармасын өзінің туған немересі, «Музыкалық білім» мамандығының 2-ші курс студенті Сайлау Әлия нақышына келтіріп орындады. Кештің соңғы әуенін «Музыкалық білім» мамандығының барлық студенттері бірге шырқап, ұстаздардың алғысына бөленді.

Фотогалерея

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз