Астанада «Рухани жаңғыру: тарихи сана қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми конференция өтті

-

Астанада «Рухани жаңғыру: тарихи сана қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті-Елбасы қоры мен ҚР БҒМ ғылым комитеті мемлекет тарихы институты өткізді. Оған қатысушылар қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық өкілдіктер басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, Түркия, Ресей, Қытай, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан елдерінен танымал ғалымдар қатынасты.

Сонымен қатар қонференцияға Астана мен Алматы және еліміздің барлық өңірлерінен жетекші тарихшы ғалымдар атап айтқанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінен т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайлы арнайы шақыртумен барды.

Конференция барысында профессор Аманжол Күзембайұлы «Тұлғатанудың методологиялық проблемалары» тақырыбында баяндама жасады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Астанада «Рухани жаңғыру: тарихи сана қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми конференция өтті