Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстелі өтті
- Подробности
- Опубликовано: 07 декабря 2018
Қостанай облысының Мемлекеттік Мұрағатының базасында мұрағат қызметінің мамандары Қостанай қаласының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады және шетелдік мұрағаттардағы Қазақстан тарихы бойынша «Мұрағат-2025» республикалық бағдарламасына құжаттарды анықтауда тақырыптарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізді. Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің атынан тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қашықтық және қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин С.В., қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ярочкина Е.В., Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Исенов Ө.И. қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тарихи құжаттарды анықтау және жинаудың маңыздылығын, қолда бар қорларды жетіспейтін ақпараттармен толтырудың және біздің Отанымыздың тарихын зерделеудің әртүрлі салаларында жаңа қорлар құрудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның көрнекті қайраткерлері туралы материалдарды іздестіруге, жеке тұлғалардың қорларын қалыптастыруға, құжаттық жинақтарды жариялауға назар аудару ұсынылды. Зерттеушілер мен мұрағат қызметкерлері ішкі мұрағаттардан бастап, алыс және жақын шет елдердің мұрағаттарында құжаттарды іздестіру үшін өңірлерді кезең-кезеңмен қамтудың орындылығы туралы мәселені көтерді. Ол үшін ғалымдарға құжаттарды іздеуде және Қостанай облысының Мемлекеттік мұрағаты жүзеге асыратын ұзақ мерзімді ғылыми бағдарламаларға қатысу үшін зерттеу топтарын құру ұсынылды.