Амирхамзин Н.К. - «5 жаңа тұлға» облыстық байқауының женімпазы
- Подробности
- Опубликовано: 09 декабря 2018
Желтоқсан айының 9-шы жұлдызында Қостанай облысы жоғарғы оқу орындары арасындағы «5 жаңа тұлға» облыстық байқауының нәтижесі белгілі болды. Негізі байқауды ұйымдастырушы "Челябі мемлекеттік университеті" Қостанай филиалы болып табылады. "Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы"ММ қолдауымен"Жайдарлы жастар" қоғамдық қоры ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауды қамтамасыз ететін тең ұйымдастырушы болып табылды.
Байқаудың мақсаты ғылымның, спорттың, мәдениеттің, қоғамның және инновацияның дамуына үлес қосқан, 35 жасқа дейінгі Қостанай облысының жоғары оқу орындарының оқытушылары, қызметкерлері, докторанттары, магистранттары мен студенттерінің жетістіктерінің нақты тарихы мысалында табысты, бәсекеге қабілеттілік идеяларын насихаттау және жылжыту болып табылады. Байқау негізі 5 номинация бойынша өткізілді: спорт,ғылым, мәдениет, қоғам, инновациялар.
«Өнер» кафедрасының аға оқытушысы Әмірхамзин Наурызбай Қасенғалиұлы университет намысын «Мәдениет» номинациясы бойынша қорғаған еді. Мәдениет саласындағы жетістіктер-бұл қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі наградалармен белгіленген өндірістік, қоғамдық және рухани қызметтегі нақты жетістіктер еді. Осы жетіктіктерге соңғы жылдары қол жеткізіп жүрген Наурызбай Қасенғалиұлы өз номинациясының жеңімпазы атанды. Биылғы жыл, Наурызбай Қасенғалиұлы үшін табысты жыл болды. Оның тағы бір дәлелі, қыркүйек айында облыстық мәдениет басқармасының басшысы қолынан елеулі еңбегі үшін алынған дипломын атауға болады. Наурызбай Қасенғалиұлына алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!