Жаңа жыл «Жанұя» балалар үйінде

Соңғы жылдары университет қабырғасында студенттік жобаларға аса көңіл бөлініп жүр. «Өнер» кафедрасының осы ғылым саласындағы бағындырып жүрген белестері бір төбе. Соның бірі: «Жылы жүрек» әлеуметтік жобасы. Жоба негізі былтырғы кафедраның «Айналайын» әлеуметтік жобасының жалғасы болып табылады. Жобаға «Музыкалық білім» және «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1-ші курс студенттері қатынасты.

Жоба аясында студенттер 19-шы желтоқсан күні "Жанұя "отбасы үлгісіндегі балалар ауылы"КММ барып, мерекелік іс-шара өткізді. "Жанұя" отбасы үлгісіндегі балалар ауылы-бұл тәрбие процесі отбасы жағдайына жақындатылған балалар мекемесі. Балалар отбасы бойынша бөлінген, әр отбасының өз анасы, өз тұратын жері бар. Қазіргі уақытта балалар ауылында 7 отбасында тұратын 45 бала тәрбиеленуде.

Студенттер өздерінің шағын концертімен қоса, балаларға арнап бірнеше шағын сайыстар ұйымдастырды, өз сыйлықтарын табыстады. «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттері балалармен бірге шыршаға арналған суреттерді бірлесе жасады. Алдағы уақытта, әлеуметтік жоба аясында айына бір рет балалар ауылына барып, мерекелік іс-шаралар өткізу жоспары қойылды.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз