«Отан тарихының деректануы мен тарихнамасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылдың 18 қаңтарында Көкшетау қаласында есімі   отандық және шетелдік жоғары білім беру жүйесіне,  тарих ғылымына кеңінен танымал ғалым, ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының тарих және әлеуметтік ғылымдар академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Әбуев Қадыржан Қабиденұлының 80 жасқа толуына және университеттегі тарихи білім берудің қалыптасқанының 25 жылдығына арналған «Отан тарихының деректануы мен тарихнамасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Осы халықаралық конференцияға Түркия, Өзбекстан, Татарстан, Ресей, Башқұртстан және еліміздің барлық өңірлерінен  қатысқан ғалымдардың қатарында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінен тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы мен PhD доктор Рауан Байдалы да қатысып, мерейтой иесінеаталған университеттің ректоры Еркін Әбілдің құттықтау хаты мен жылы лебізін жеткізді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Отан тарихының деректануы мен тарихнамасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция