Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын талқылау
- Подробности
- Опубликовано: 22 февраля 2019
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына арналған дөңгелек столы 2019 жылдың 22 ақпаны күні Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ өткізілді. Оған ҚХОА ғылыми сарапаттамалық тобының мүшелері, ЖОО студенттері, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» өкілдері қатысты. Отырысты ҚХА ның және ҚХОА Кеңесінің мүшесі, Ғылыми сараптамалық топ төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекмағамбетов Ә.Б жүргізді. Әр спикер баяндама барысында Қазақстан тарихы, мәдениеті, бүгінгі таңдағы жастар саясаты мен Ел басының жолдаған «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы төңірегінде тартымды ойларымен бөлісті.
Бұл отырыста А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Тарих кафедрасы доценті А.Б.Шалғымбеков («Генезис тюркского мира»), осы оқу орыны тарих кафедрасы 2 курс студенті Рахимова Замзагүл («Атқа міну»), М.Дулатов атындағы ҚИиЭУ доценті Р.Қ.Әбдірахманова («Великая степь уникальная цивилизация в потоке истории»), оқу орыны экономика факультеті 1 курс студенті Унаев Дулат («Семь граней великой степи - обращение к молодежи»), Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры В.Г.Вишниченко («Модернизация исторического сознания: роль архивов и поисково-исследовательской работы в практической реализации») және аталған оқу орыны 5B010600 «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті Нурдоллаева Мақпал (ғылыми жетекшісі: Есмаганбетова Ш.К.) «Бүгінгі таңдағы қазақ халық әндерінің жастарды тәрбиелеудегі алатын орыны» тақырыптарымен спикер ретінде сөз алды. Дөңгелек столда қаралған тақырыптары қызықты әрі тартымды болды. Көрермендер сұранымы бойынша М.Нурдоллаева «Дедім-ай ау» халық әнімен дөңгелек столын аяқтады.