Апталықтың ашылуы

Үстіміздегі жылы 25 ақпанда Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық кітапхана орталығында Қазақстан тарихы кафедрасының оқу-әдістемелік апталығының ашылуы болып өтті. Апталықтың мақсаты - тарихшылар мамандығын дайындайтын кафедраның әдістемелік жұмысын университет, қала және облыс шеңберінде көрсету арқылы студенттерімізді тәрбиелеу.

Кафедра профессор, оқытушылар және әлеуметтік-гуманитарлық факультеті студенттерінің қатысуымен апталықтың жұмыс жоспары таныстырылды. Атап айтсақ, кафедра профессор-оқытушылары еңбектерінің көрмесі, профессор Аманжол Күзембайұлының модераторлығымен дөңгелек үстел, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Майсара Бекмағамбетованың ұйымдастыруы және жетекшілігімен қала, облыс мектептері оқушыларымен зияткерлік ойын, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гауһар Балғабаева мен тарих магистрі аға оқытушы Қуаныш Абильмаликовтың жетекшілігімен «Зұлмат» тарихи деректі фильмі көрсетілімімен семинар,сондай-ақ, қала мектептеріндегі тарихшы мұғалімдерімен әдістемелік семинардың ұйымдастырылып отырғандығы айтылды.

Көрмеде қойылған Еркін Әбіл, Аманжол Күзембайұлы, Виктор Зайберт, Өтеген Исенов, Айгүл Таскужина, Зәмзагүл Шахаман, Гауһар Балғабаева, Майсара Бекмағамбетова, Айнаш Анасова, Эльмира Наурызбаева, Рауан Байдалы, Қуаныш Абильмаликов пен Гүлдана Тастековалардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқу құралдары мен ғылыми монографиялары таныстырылды. Студенттеріміз әрбір еңбекті қолдарына алып қарап өз қызығушылықтарын білдірді. Сөйтіп олар өздеріне сабақ беретін ұстаздарын жаңа бір қырынан тани түсті.

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі 
Байдалы Р.Ж.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз