Дөңгелек үстел өтті
- Подробности
- Опубликовано: 27 февраля 2019
Үстіміздегі жылы 27 ақпанда Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының оқу-әдістемелік апталығының аясында «Тоталитаризм кезеңіндегі тарихи оқиғалар» тақырыбында іс-шара болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - болашақ тарихшыларға тоталитаризм ұғымын түсіндіру мен 1920-1930 жылдардағы тарихи оқиғаларға баға беру.
Профессор Аманжол Күзембайұлының модераторлығымен өткен дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен факультетіміздің бірінші, екінші және үшінші курс студенттері қатысты. Негізгі баяндама жасаған Аманжол Күзембайұлы тарихи терминге, 1920-1990 жылдар аралығындағы Қазақстан жеріндегі тарихи оқиғаларды ғаламдық тарих контексінде тұжырымдады. Сонымен қатар студентіміз Абир Сымбат пен Гүлсая Русланқызы Созақ және Батпаққара көтерілістері жөнінде арнайы баяндама жасады. Соңында кафедра осы тақырып аясында аймақаралық конференция өткізуді ұсынды.
Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі
Байдалы Р.Ж.