"Тарихты таныту" атты зияткерлік ойын

2019 жылы 27 ақпанда Қазақстан тарихы кафедрасы апталығы аясында Жастар жылына арналған "Тарихты таныту" атты зияткерлік ойын өтті. Ойынға қала және облыс оқушылары қатысты: Горький атындағы гимназия, №1 мектеп-лицей, "Білім-инновация" лицейі, Мичурин орта мектебі. Ойын үш кезеңнен тұрды, онда қатысушылар әр түрлі кезеңдердің отандық тарихы бойынша білімдерін көрсетті. Тапсырмаларды "Тарих" мамандығының 3 курс студенттері заманауи сандық технологияларды қолдана отырып дайындады. "Оқушылар қызығушылық танытып, тапсырмаларды орындау барысында белсенді болды, осылайша біздің факультетіміз мен жалпы университет қызыға түсті" - деп атап өтті шараны ұйымдастырушы М.Ж. Бекмағамбетова.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз