Тілшімен кездесу

31- ші қаңтар күні " Орыс тілі жəне адебиеті" 5В011800 мамандығының 1 - ші курс студенттерінің облыстық " Наша газета " шығарылымының тілшісі Татьяна Назарукпен кездесуі өтті. Тілші студенттерге жұмыстың ерекшелігі жайында, тілшілер үшін таптырмайтын кәсіби жане жеке касиеттер жайлы, сол саланың жай - жапсарын айтып берді. Ол филологиялық білімнің журналист үшін маңызды екенін атап өтті, себебі филолог тілдің құрылымы, əдеби норма, жəне оның стилистикалық ерекшелігі жайлы жетік біліп, мəдени тілде сөйлейді. Сонымен қатар Татьяна " Наша газета " шығарылымының құрылу тарихы, редакцияның құрамы, баспасөз айдары, сайттың жұмыс кестесі жайында сөз қозғады. Тілші өзінің ҰБТ- ға арналған бірінші мақаласын да айтып өтті. Кездесу қызықты өтті , қатысушылар да əңгімені қолдап отырды. Студенттер осы іспеттес іс- шаралар филология саласының ауқымдылығын көрсететінін айтып өтті.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз