«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шетел тілін бастауыш мектепте оқыту» семинар – тренингі
- Подробности
- Опубликовано: 05 февраля 2018
2018 жылдың 5 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Балжанова Айгүл Мағжанқызы Қостанай қаласының «Зерек» колледжінің 2-3 курс студент – практиканттарына «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шетел тілін бастауыш мектепте оқыту» тақырыбында семинар – тренинг өткізді.
Семинар – тренингтің мақсаты – мектептегі педагогикалық тәжірибенің әдістемелік мазмұнын талқылау, білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасының аясында, ағылшын тілін бастауыш мектепте оқытуда қазіргі заманғы технологияларды қолдану.
Семинарда құжаттамалар жүргізу, сабақтарды және сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлау сияқты мәселелерге ерекше назар аударылып, сабақтың мақсатына қарай бір қатар тапсырмалар және жұмыс түрлері мен стратегияларға ұсынымдар берілді. Сондай- ақ бағалаудың әр түрлі формалары қаралды. Семинар –тренингті Айгүл Мағжанқызы мультимедиялық презентациялар мен үлестірме материалдарды қолдана отырып жүргізді. Семинар барысында қатысушылар микротоптарға бөлініп берліген тапсырмаларды орындады және талқылау жұмыстарын жүргізді. Семинар рефлексиямен қортындыланды. Қатысушылар осынадай семинар – тренингтердің маңыздылығын және қажеттілігін атап өтті.