«Сырлы жүрек пернесі» атты әдеби-сазды кеш

2018 жылдың 31 қаңтар күні сағат 12:00-де Филология факультетінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Балауса» әдеби-шығармашылық үйірмесінің жетекшісі магистр Абдрашева Алия Қажымұқанқызы және үйірменің белсенді 2-курс студенттері Қызыринов Айдос, Ихсан Данияр, Ешмұқамет Ұлпан, Сагиева Сымбаттың ұйымдастыруымен «Сырлы жүрек пернесі» атты жас ақындарға арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Кештің мақсаты қазақ поэзиясында өзіндік орнын қалыптастырып келе жатқан қаламы қарымды, ойы оралымды Саят Әбенов, Абылай Мауданов, Ерлан Жүніс, Бақдаулет Арыстан сынды жас ақындардың шығармашылық жолымен таныстыру, жүрекжарды туындыларын жас оқырмандарға насихаттау.

Кеш сауалнама түріндегі және жас ақындар өміріне арналған видеороликтер көрсетумен басталды.

Сонымен қатар 3 курс студенті Жарбосина М., 2 курс студенттері Ихсан Д., Сұлтан Қ., 1 курс студенттері Мақатова А., Нүкешова Г., Бультирикова А., Исатай М., Абилова А., Нағашыбаева М. ақындардың шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Ал 4 курс студенттері Әжіхан Еламан мен Қуанышбаев Мағжан кешке қонақ ретінде қатысып, «Жүрегіңнен бір орын бер, бос болса», «Тотыдайын» әндерін көрермендерге тарту етті.

1 курс студенті Есен Ақдариға «Ерке сылқым» күйін домбырамен орындап, 2 курс студенттері Қабен Нұрболат пен Қызыринов Айдос «Мазаламайын» әнімен кешті жалғастырды. Сонымен қатар, 21 ҚТОМ тобы Абылай Маудановтың өлеңдеріне құрылған композициялық қойылымды жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Әу бастан-ақ өнерге құштар факультет жастарына аталмыш кеш ұмытылмас естеліктер мен жаңа серпін сыйлай білді. Рухани байлықпен сусындап сарайларын ашқан студенттер тобы кештен көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Сырлы жүрек пернесі» атты әдеби-сазды кеш