Философиялық əңгіме "Ю.Я. Бондаренко - Профессор. Жазушы. Оқырман."

6-шы ақпан күні Л. Толстой атындағы областық кітапханада " Профессор, жазушы, оқырман- Ю. Я Бондаренкомен философиялық кездесу өтті. Іс - шараға 5В0011800 " Орыс тілі жəне адебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенттері қатысты. Бондаренко Юрий Яковлевич - КМУ- нің профессоры. Оның ғылыми қызығушылығының саласы : дін тану, философия, тарих, мəдениет тану. Ол 390 ғылыми, ғылыми- көркем, ғылыми - танымдық жəне ғылыми - публицистикалық жұмыстардың , сонымен қатар 400- ден аса газеттік мақалалардың авторы болып табылады.

Юрий Яковлевич біздің кітапханамен белсенді түрде жұмыс жасайды жəне оның мəдени өміріне ат салысады. Ғалымға оның жұмыстары жайында көптеген сұрақтар қойылды. Кітапхана басшысы жəне жұмысшылары Ю. Я.Бондаренко- ның жұмысы жайында сөз сөйледі. Іс - шара барысында, электронды презентация, видеоролик жəне кітап көрмесі көрсетілді. Студенттер ғалымның еңбектерімен танысты. Қатысушылар улкен ғанибетпен сұрақ қойып, іс - шараны жоғары бағалады.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Философиялық əңгіме "Ю.Я. Бондаренко - Профессор. Жазушы. Оқырман."