Ағылшын тілі шексіз тіл
- Подробности
- Опубликовано: 25 октября 2018
2018 жылдың 25 қазанында филология факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттері мен шет тілдер кафедрасының оқытушысы Жаукина С.А. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай қаласының арнайы кешені» КММ барды. Мектеп оқушылары мен студенттер бірлесіп «Үш тілділік әлемінде» тақырыбында ақпараттық стенд жасауды ұйымдастырды.
Студенттер осы тақырып бойынша балаларға арнап өте қызықты және пайдалы материалдар дайындапты. Олардың ішінде: ағылшын тілінің әріптері, ыммен сөйлесу тіліне аударылған ағылшын тіліндегі сөздер мен ауызекі сөйлесуде қолданылатын сөз тіркестері, ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі ұқсас қызықты сөздер, және басқада қызықты, пайдалы ақпараттар бар. Студенттер мен оқушылар осы материалдармен қуана және қызыға жұмыс жасап, оларды бірлесіп стендке ресімдеді. Өздері дайындаған стендті мектептің екінші қабатына апарып орналастырды. Балалар жаңа стендтегі ақпараттарға қызыға қарап, сөздерді және сөз тіркестерін үйренуге тырысып жатты.
Іс-шарадан кейін біздің студенттерге мектеп-интернат өмірі туралы бейнебаян көрсетілді, балалар туралы әңгіме қозғалып, мектеп жанындағы балабақшаға жұмысқа шақырды. Студенттер көптеген жағымды эмоциялар алды, балалармен қарым-қатынастарын жалғастыруға нақты шешім қабылдады, ал келесі жолы интернаттың оқушылары үшін ағылшын тілінде шығармашылық нөмірді дайындауды ойластыруда.
Жаукина С.А.