Кәсіби бағдар – болашаққа бағыт
- Подробности
- Опубликовано: 25 октября 2018
Қазіргі заман талабына сай жастардың саналы түрде мамандықты дұрыс таңдауы басты мәселелердің бірі. Осы тұрғыда кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары ағымдағы жылдың 23-25 қазаны аралығында мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында облыс аймақтарына барды. Кафедра оқытушылары Г.А. Сейсембай мен Т.Т. Сейсембай Таран ауданы және Рудный қаласы, Б.Б. Есенғазина мен А.Қ. Абдрашева Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарындағы мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп оқушыларына мұғалімдік мамандық насихатталып, ҚМПУ, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы туралы толық ақпарат берілді. Мамандықты таңдап отырған түлектермен жеке жұмыс жүргізілді.
Сейсембай Г.А.