Ынтымақтастық педагогикасы
- Подробности
- Опубликовано: 31 октября 2018
2018 жылдың 29-31 қазаны аралығында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы мен «Қостанай әкімдігінің физика-математикалық лицейі» ММ-нің ынтымақтастығы аясында ҚМПУ қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Т.Р. Пчелкина «Мектептегі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында практикалық семинарын өткізді.
Семинар барысында оқушы жобаларының типтік қателіктері, өзекті мәселелерді таңдау, зерттеудің жаңалығын негіздеу, әдістерді таңдау, ғылыми ақпаратты іздеу және өңдеу мәселелері талқыланды.
Жеке тапсырмаларды орындай отырып, жұмыс қарым-қатынастық диалог түрінде жасалды. Сұрақтарды талқылау барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде авторлық куәлік алған электронды оқулық материалдары пайдаланылды.