Рухани жаңғыру жазудан басталады

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2018 жылдың 14 қарашасы күні сағат 11.00-де өткізілген жалпыхалықтық диктант жазу іс-шарасына Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент С.Ғ.Қанапина және латын негізді қазақ әліпбиі оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Т.Т.Сейсембайдың ұйымдастыруымен бекітілген «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы мәтін бойынша диктант жаздырылды.

Іс-шараға барлығы 50-ге жуық студент тартылды. Диктант кафедра оқытушылары тарапынан тексеріліп, нәтижесі туралы есеп Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы жанынан құрылған жұмыс тобына жіберілді.

Т.Т.Сейсембай

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Рухани жаңғыру жазудан басталады